<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><title>Киелі Кітап - ырысым ҮРәж87 Қак8 МЖЖ136 РӘЖ95</title>
<lyrics>[V1]
.    Em             C
 Сөзіңді алдым қолыма,
.Am    B      Em
 Жарық боп жанған жолыма.
.   Em            C
 Әлсіреп әлім таусылса,
.  Am      B      Bm
 Күш-қуат берер бойыма.

[C1]
.   Am
   Киелі кітап - ырысым,
.   Em
   Күнәға қарсы қылышым.
.    Am                Em
   Тастай боп қатқан жүректер
.     B           Em
   Сөзіңді оқып жібісін.
.      Am               Em
   Мұздай боп тонған көңілдер
.     B7         Em
   Оларды оқып жылысын.

[V2]
 Ашықсам оқып нәр алам,
 Нәріңе мұқтаж әр адам.
 Жол етіп оны жұмаққа
 Адаспай тауып бара алам.

[V3]
 Сөзіңді берген жерге Сен
 Су етіп ішем шөлдесем.
 Киелі Сөзің болмаса,
 Өмірдің мәнін білмес ем.

[C2]
   Тәңірдің тірі Сөзісің,
   Кеудеме тұнған тынысым.
   Тастай боп қатқан жүректер
   Сөзіңді оқып жібісін.
   Мұздай боп тонған көңілдер,
   Оларды естіп жылысын.

[V4]
 Сөзіңе Сенің сүйеніп,
 Жығылсам қайта тұра алам.
 Күнәмның құны өтелді
 Сөзіңнен оқып біле аламын.</lyrics>
<hymn_number>87</hymn_number>
<author>Оспанов Қуандық</author>
<key>Em</key>
<aka>Сөзіңді алдым қолыма</aka>
</song>